What are you looking for?

Тәуекел Мүсілім мен оның жұбайы үшінші ұлына қандай ат қойғаны белгілі болды

26.03.2025

Қазақстандық актёр Тәуекел Мүсілімнің жұбайы Махаббат Мүсілім желі қолданушыларына кенже ұлының есімін жұмбақтап жеткізді. Оқырмандары оны еш қиындықсыз шешті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпанның соңында Тәуекел мен Махаббаттың үшінші сәбиі дүниеге келген. Олар тағы бір ұл сүйді.

Махаббат Instagram желісінде кенже ұлының суреттерін бөлісіп, есімін жұмбақтап жеткізді. Жас ана оқырмандарына ребусты шешіп, сәбидің атын тауып көруді ұсынды.

Желі қолданушылары жасырылған есімді оп-оңай тапты.

"Зейін – тамаша есім. Шетелдіктерге де есімін айту ыңғайлы. Әлемге танымал болсын", "Тамаша есім", "Зейін, бақытты бала болып өс, қандай әдемі ат", — деп пікір қалдырды оқырмандары.

Social Link

Follow Me On Social Media