What are you looking for?

Оңтүстік Кореядағы орман өртінен 18 адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті: олардың арасында қазақстандықтар бар ма

26.03.2025

Оңтүстік Кореядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 18-ге жетіп, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілі төтенше жағдайға байланысты Қазақстан азаматтары елшілікке жүгінбегенін айтты.

Yonhap агенттігінің жазуынша, Оңтүстік Кореядағы орман өртінен кем деген 18 адам қаза тауып, бір адам із-түзсіз жоғалып кеткен, тағы 10 адам зардап шеккен, оның екеуі ауыр жарақат алған

Өрттің таралуына қатты әрі аңызақ жел әсер етіп жатыр. Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хана Док Судың айтуынша, қазіргі уақытта өрттің салдарынан 17 000 гектар орман, 209 үй және фабрикалар өртеніп кеткен.

Сондай-ақ ежелгі Гоун храмы да өртке оранған. Храмда сақталған ұлттық жәдігерлер басқа жерге көшірілген.

Айта кетейік, бүгін мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің өкілінен Оңтүстік Кореядағы өртке байланысты осы елге баруды жоспарлап отырған қазақстандықтарға қандай да бір ұсынымдар беріле ме деп сұрады.

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің айтуынша, қолда бар ақпарат бойынша Оңтүстік Кореядағы орман өртіне байланысты Қазақстан азаматтары елшілікке жүгінбеген. Сондай-ақ ол бұл бағыт оның құзырына жатпайтынын, сондықтан әзірге азаматтарға тиісті ұсынымдар бере алмайтынын атап өтті.

Social Link

Follow Me On Social Media