What are you looking for?

"Жастарға орын беретін кез келді": Александр Марочкин ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады

26.03.2025

Футболшы Александр Марочкин ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады. Ол бұл шешімге не себеп болғанын түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марочкиннің мансабын аяқтау туралы мәлімдемесі футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланды.

"Ұлттық құрамадағы ойындарымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Жастар ойнайтын кез келді – Қасым, Жұмаханов және басқа да жігіттер өсіп-жетілді. Сол себепті оларға жол беру қажет деп санаймын – енді өздерінің лайық екенін дәлелдеу оларға жүктеледі. Ұлттық құрама жейдесін киіп, елімнің намысын қорғау мен үшін үлкен мақтаныш болды. Біз әрдайым жанкүйерлерді қуантуға тырыстық, бар күшімізді салдық. Әрине, барлық матч сәтті бола берген жоқ, кейде мықты қарсыластарға есе жібердік, бұл жанкүйерлерімізге ұнай қоймағанын да түсінемін. Бірақ біз әрдайым соңына дейін күрестік, ешқашан берілмедік.

Барлық жанкүйерге алғысым шексіз – бізді қолдағандарыңыз үшін де, сынағандарыңыз үшін де. Өйткені кез келген реакция бізге мотивация берді. 2022-2023 жылдары жанкүйерлердің ұлттық құрамаға деген сенімін қайтаруға үлес қосқаныма өте қуаныштымын. Адамдар стадионға қайта оралып, бізді қолдады – бұл сөзбен жеткізуге келмейтін эмоция!

Барлық бапкер штабына, командадағы жігіттерге, қызметкерлерге, дәрігерлерге, массажистерге, медиа-топқа – қолдау көрсеткен барша жанға алғыс білдіремін. Біз нағыз бір отбасы болдық. Жігіттерге тек сәттілік тілеймін! Жанкүйерлерден құрамаға қолдау көрсетуді сұраймын – бұл өте маңызды. Команда қолдауды сезінген кезде, екі есе күш салып ойнайды.

Ұлттық құрамада ойнау – әр футболшы үшін үлкен құрмет. Футболдағы әр бала бір күні өз елінің жейдесін киюді армандайтыны сөзсіз", — деді ол.

Сонымен бірге ол алдағы уақытта ұлттық құраманың болашағы жарқын болатынына сенім білдірді.

Social Link

Follow Me On Social Media