Қоғамдық саясат институт халықтың арасында сауалдама жүргізді.
Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстан дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Мұндай пікір әсіресе ауыл тұрғындарына (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастарға (78,9%) және әйелдерге (72,2%) тән. Халықтың қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға берген бағасында біршама ұстамды оптимизм байқалады – сәйкесінше 76,5% және 67%.
Бұл нәтижелер елде жүргізіліп жатқан реформаларды оң қабылдаумен байланыстырылады. Қоғамдық-саяси салада азаматтарға ауылдық және аудандық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау мүмкіндігі берілді, сайлау жүйесі ашық бола түсті, Конституциялық сот қайта құрылды, гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді араласуға жаңа мүмкіндіктер ашты.
Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджеттік сала қызметкерлерінің кірісін айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, қауіпті және зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндер үшін зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.
Жалпы, сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 89%-ы көңіл-күйлерін жағымды деп сипаттайды. Позитивті көңіл-күй көбінесе 18-35 жас аралығындағы жастарға, бойдақ/тұрмыс құрмаған және отбасылы адамдарға, сондай-ақ жоғары білімі бар респонденттерге тән.