What are you looking for?

Нұргүл ИСАЕВА, терапевт-гастроэнтеролог: Ораза сергектік пен жауапкершілікті күшейтеді

07.03.2025

Рамазан айындағы отыз күн оразаның сауабынан бөлек, ден­сау­лыққа пайдалы жағы да көп. Дегенмен бо­ йында кінәраты бар кейбір адамның ағзасына кері әсері де болуы мүмкін. Ас қоры­ту жүйесінің дерті көбейіп тұр­ған бүгін­гі заманда ауыз бекі­ту­дің пайдалы тұс­тарымен қатар, жанама кері әсер­лерін де білген абзал. Осы мақ­сат­та Астанадағы «Жәрдем» меди­ци­­­на­лық орталығының терапевт-гастроэнтерологі Нұргүл Исае­ва­мен сұхбаттасқан едік.

– Нұргүл Өтелқызы, медицинада ашығу, диета ұстау арқылы емделу жолдары бар. Оразаны да осындай емдік тәсіл ретінде қарастыруға бола ма? Жалпы, оның адам ағзасына пайдасы қандай?

– Шын мәнінде, ашығудың кез келген түрінің адам денсаулығына пайдасы орасан зор. Сондықтан түрлі ауру­мен келген пациенттерге диета ұс­тауды, одан кейін ашығуды ұсынамыз. Әрине, алдымен науқасты толыққанды медициналық тексеруден өткізіп, оның анамнезіне қарай кеңес береміз. Ас қорыту жүйесіндегі панкреатит, хо­лес­тицит секілді түрлі аурудың созыл­малы және өткір ке­зеңдері болады. Созылмалы кезеңде ашығудың пай­да­сы көп. Ал өткір кезеңінде ораза ұста­маған дұрыс. Өйткені бұл кезде адамға уақтылы дәрі қабылдап, емделуі керек. Ағза сусызданбауы үшін суды көбірек ішуі қажет.

Жалпы айтқанда, ашығу асқазан-ішек жолдарындағы зат алмасуды жақ­сартады. Ораза кезінде инсулиннің сезімталдығы артып, қант деңгейін тұрақ­тандыруға көмектеседі. Қандағы қант пен холестерин мөлшерінің төмен­деуі семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады.

Сонымен қатар ас қорыту жүйесінің жұмысы жақсарады. Асқазан мен ішек­ке үзіліс беру гастрит, іш қату және ішек дисбактериозының алдын ала­ды. Бауырдың детоксикациялық үдері­сін жақсартады. Ораза кезінде бауыр ар­тық токсиндерден тазарып, май тінде­рінде жиналған зиянды заттар ыдырап, ағзадан шығады. Осылайша, адамның иммундық жү­йесі күшейіп, май алмасу артып, дене салмағының тұрақтануына ық­пал етеді. Энергия мен сергектікті күшейтеді. Тамақты қорытуға кететін энер­гия үнемделіп, басқа жүйелердің жұмысын қолдауға жұмсалады. Соның арқасында ағза жеңілдеп, адам өзін сергек сезінеді. Ағза тазарған сайын тері­дегі бөртпелер азаяды. Әрине, мұ­ның барлығы сәресінде, ауызашарда дұрыс тамақтану арқылы ғана өзінің оң ықпалын береді.

ап

– Ендеше, тамақтану мәселесіне тоқталсақ. Сәресі мен ауызашарда қандай тағамды тұтынған дұрыс?

– Ең алдымен таңертең тұрғанда екі стақан жылы су ішкен ағзаға пайдалы. Ол ас қорыту жүйесін тамақ қа­был­дауға дайындайды. Сәресін ішіп болғасын ауыз бекітер алдында тағы да екі стақан су ішкен дұрыс. Осы су көлемі күні бойы ағзаға жеткілікті. Суға лимон, гималай тұзын қосып ішсе болады, өйткені ол электролиттік тепе-теңдікті қалыпты ұстауға керек­теседі. Кешке ауызашарды да екі стақан су ішіп бастаған дұрыс. Сосын 5-10 минут уақыттан кейін ғана тамақтануға кіріскен абзал.

Тамақтану рационына келсек, ақуыз, амин қышқылдары, көмірсулар ағзамыз үшін өте маңызды энергия көзі саналады. Атап айтқанда, жа­нуар ақуызына бай өнімдер қатарында сиыр еті, бауыр, құс еті, тауық, бөдене жұмыртқасын айтуға болады. Өсімдік ақуызына жасыл бұршақ, қарақұмық, бұршақ, лобия (фасоль), жасымық, грек жаң­ға­ғы, т.б. жатады. Сүт ақуызы ретінде сүзбе, ірімшік, сарысуды айта аламыз.

Таңертең ауыз бекітер кезде күрде­лі көмірсуларды рационға косуды ұсы­намын. Бұл қарын ашу сезімінің алдын алуға көмектеседі.

– Қазіргі таңда асқазан мен ас қорыту жүйелерінің ауруы көп. Мұн­дай дерті бар адамдарға ораза ұстау теріс әсер ете ме?

– Гастрит, асқазан ішек жол­дарының ойық жарасы, кез келген аурудың өткір кезеңі, операциядан кейінгі жағдай, қант диабетінің 1 типі секілді дерті бар адам­дарға, ауыр дәрежедегі науқастарға ораза ұстамаған дұрыс.

Сонымен қатар өт жолдарында тас болған жағдайда ашығу тасты қозғап жіберуі мүмкін. Өтке сұйықтық жиналады да, адам ұзақ уақыт су ішпегеннен кейін одан сайын қоюлана түседі. Қант диабетінің 1 типі кезінде адам уақ­тылы инсулин қабылдап отыруы ке­рек болғандықтан, Рамазанда ауыз бекітпегені жөн.

– Ал денсаулығында кінәрат жоқ адам­дарға қандай кеңес айтар едіңіз?

– Жалпы, біз ораза ұстауға ниеттеніп жүрген барлық адамға Рамазаннан бір ай бұрын толық медициналық че­кап­тан өтуге кеңес береміз. Чек-ап – талдаулар мен зерттеулердің толық жиынтығынан тұратын кешенді диаг­ностика бағдарламасы. Сол арқылы кімде-кімнің бойында бір дерт анық­талса, бір ай бойы ашығу кезінде ағзасына одан сайын зиян келтірмеу үшін дәрігердің кеңесін алғаны жөн.

– Көп адам Рамазан айында ұйқы­мыз бұзылады деп жатады. Мұның да денсаулыққа теріс әсері бар ма?

– Кешкі сағат 22.00 мен түнгі 02.00 арасындағы ұйқы кезінде ағзада мелатонин гормоны бөлінеді. Адамға ұйықтау үшін ең пайдалы уақыт – осы. Ал сәресі одан кейін басталатыны белгілі. Мысалы, Астанада оразаның бірінші күні таңғы сағат 5.30-да ауыз бекітеді. Сондықтан ең бастысы ертерек ұйқыға жату керек. Ал сәресін ішкеннен кейін ұйықтамаса да болады. Бұл керісінше денсаулыққа пайдалы. Сол арқылы саламатты өмір салтын қа­лып­тастыруға да мүмкіндік аласыз. Ра­мазан кезінде таңғы 5-тен кейін ұйық­тамауға дағдыланып, кейін де сол әдетті жалғастырып әкетсеңіз, оған қоса таңертең күнде жаттығу жасасаңыз, денсаулығыңызға пайдасы зор болмақ.

– Рамазан кезінде күні бойы аш жүріп, ауызашарда тойып аламыз. Мұның денсаулыққа зияны бар ма?

– Тамақты тым тойып жеу тек оразада емес, барлық уақытта денсаулыққа зиян. Адам әр кезде тамақты аз мөл­шер­де тұтынуға дағдыланғаны абзал. Көп тұтыну ұйқышылдыққа, дене қоз­ғалысының баяулауына алып келеді, яғни тамақты қорытуға энергиямызды тым көп жұмсаймыз. Күні бойы ашқұрсақ жүргенде асқазан кішірейеді де, кешке көп тамақ жеу арқылы оны ба­рын­ша созып, зиян келтіреміз. Осы­лай­ша, оразадан пайда емес, зардап шегуіміз ғажап емес.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Social Link

Follow Me On Social Media