What are you looking for?

Оңтүстік Қазақстандағы 5,0 баллдық жер сілкінісі видеоға түсіп қалды

28.03.2025

Жамбыл облысындағы Меркі ауылының тұрғындары кеше түнде болған жер сілкінісінен кадрларды әлеуметтік желіде таратып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сағат 03:42-де Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді.

Жер сілкінісі Меркі мен Құлан ауылдарының тұрғындарына қатты сезілді; біріншісінде жер сілкінісінің күші 5 балл, екіншісінде 4 балл болды.

Instagram желісіндегі merki.life парақшасында жер асты дүмпуінің сәті мен оның салдары түсірілген жергілікті тұрғындардың видеолары жарияланған.

Жер асты дүмпулері Меркі мен Құланнан бөлек Таразда, Шу, Төле би, Сарыкемер, Қордай, Аса, Мойынқұм ауылдарына да сезілді.

Еске салсақ, бұған дейін 28 наурыз, жұмаға қараған түні Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз, Шу қалаларында және бірқатар ауыл мен қалада жерасты дүмпулері тіркелгенін жазған едік.

Social Link

Follow Me On Social Media