What are you looking for?

Қазақстандық мұнай өңдеу зауыттары ресейлік компанияның қарамағына өте ме?

28.03.2025

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ресейлік "Татнефть" компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының үлесін жекешелендіреді деген ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарының үлесін жекешелендіру — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ұсынысы. Бұл ұсыныс квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету есебінен мұнай өңдеу саласында және мұнай өнімдері нарығында бәсекелестікті дамытуға бағытталған.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) мұндай шешімдер көп уақытты қажет ететінін ескере отырып, бұл мәселені зерттеп жатыр. Мұндай процестер әдетте бірнеше жылға созылады. ҚМГ елімізде мұнай-газ химиясы саласын жан-жақты дамытып, барлық өндіріс тізбегін бірлесіп құру үшін серіктестермен ынтымақтастық орнатуға ашық компания екені белгілі. Осыған байланысты алыс және жақын шет елдердің түрлі компаниялары, соның ішінде "Татнефть" ЖАҚ қарастырылып отыр", — деп жазылған хабарламада.

ҚазМұнайГаз мәліметінше, "Татнефть" ЖАҚ тобына кіретін компаниялар өндірістің операциялық тиімділігі мен құны жоғары мұнай химиясы өнімдерін шығару саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген.

"Татнефть" ЖАҚ "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің өндірістік қызметіне тікелей байланысты жаңа мұнай химиясы жобаларына, терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФК және ПЭТФ) өндірісіне инвестиция құюға қызығушылық танытты", — деді компания өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін Атырау мен Павлодардағы мұнай өңдеу зауыттары жеке меншікке өтуі мүмкін екені хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media