What are you looking for?

Президент Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

28.03.2025

Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Social Link

Follow Me On Social Media