Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды 24KZ. Өңір халқымен кездесуде Жоғары палата спикері саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Құрылтайда айтылған негізгі міндеттерді уақытылы әрі нәтижелі орындау керектігін атап өтті. Мемлекет басшысы білім, ғылым, экономика салаларындағы өзекті мәселелерге мән беріп отыр. Өңірлерге инвестиция тарту, жаңа технологияларды енгізу, кәсіпорындар ашу және жұмыс орындарын құру мәселелері қамтылған. Мәулен Әшімбаев Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетіне де барып, белсенді жастармен де жүздесті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Президенттің бастамасымен елімізде кешенді реформалар іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруға, өндеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен көңіл бөлді. Инвестиция тартуға және жаңа технология енгізуге қатысты нақты міндеттер жүктелді.