What are you looking for?

Ақтауда ₸48 млн ұрлаған интернет-алаяқтар ұсталды

29.03.2025

Ақтауда полицейлер екі адамның 48 млн теңгеден астам ақшасын алдап алған интернет-алаяқтарды ұстады, деп хабарлайды 24kz.

Тергеу дерегінше, күдіктілер мобильді қосымша арқылы қала тұрғынының банктегі депозитінен 28 млн 430 мың теңгені жымқырған. Көп ұзамай дәл осы тәсілмен тағы бір азаматтың 20 млн теңгесін иемденіп, белгісіз адамдардың есепшотына аударған. Ғаламтор желісі арқылы қылмыс жасаған 3 адам Астанада жасырынып жүрген жерінен ұсталды. Олардың екеуі Ақтау қаласының, біреуі Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты.

Айболат Мұрзашев, ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Маңғыстау облысы полиция департаменті, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде интернет желісі арқылы жасалған екі ауыр санаттағы қылмыс ашылды. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігіне сәйкес тіркелген қылмыстық істер анықталды.

Social Link

Follow Me On Social Media