What are you looking for?

Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

31.03.2025

Биыл Алматыда жұмыс орындарын ашудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа бос жұмыс орнын ашу жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жұмыспен қамту шараларымен 32 мың адамды қамту жоспарланған. Оның 10,6 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылса, 8,7 мыңы субсидияланған жұмысқа орналасады.

Сонымен қатар 7 мың адам enbek.kz платформасында қысқа мерзімді курстардан өтіп, «Bastau Business» жобасына қатыса алады. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) гранттар да қарастырылған.

Алматыда өткен жылы 84,7 мың жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейінің 4,8 пайыздан 4,6 пайызға төмендеуіне ықпал еткен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде 379 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 50 мың жұмыс орны ашылған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media