What are you looking for?

“Өтірік статистиканы доғару керек!“ Депутат Сәрсенғалиев дабыл қақты

31.03.2025

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанда 1 миллионға жуық жас жұмыссыз екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өтірік статистиканы доғару керек! "Жастар практикасы" бойынша төленетін жалақыны өсіру керек. Жастардың кәсіп бастауына берілетін несие бюжет тапшылығынан тоқтап қалған. Қайта жалғастыру керек", — деді ол.

Депутаттың сөзінше, "Жастар практикасы" бойынша 1 жыл жұмыс істеген жастар кейін бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Ол бұл шешімді қайта қарау керек екенін де жеткізді.

"Дәмхана, мейрамханада қосымша жұмыс істеген жастар мен "Жасыл елде" қызмет еткен жастар "Жастар практикасына" қатыса алмайды. "Зейнетақы жарнасы төленген" дейді. Мұны қайта қарау керек!

ҚР ІІМ "Қазақстандағы қылмыстың әрбір үшіншісін жұмыссыз жастар жасайды" (дейді — еск.). Үлкен проблема. Жастар ресурстық орталығына әкімдіктің әңгіртаяқ ойнатуын тоқтату керек!" — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге Финляндия мен Францияға қарағанда төмен?" деген сауалға Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов жауап берді.

Ресми мәліметтерге сәйкес Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен.

ОҚК-да өткен брифингте журналистер жауапты адамнан Финляндия немесе Францияда жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан жоғары, ал неге Қазақстанда 4,6 пайыз екенін сұрады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media