Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1954 жылғы әжей мен оның екі немересін аман алып шықты. Тағы бір бала ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баянауылауданы орталығында бес бөлмелі кірпіш үйге жапсарлас салынған жазғы ас үй өртенді. Ағаш ғимарат пен негізгі ғимараттың төбесі отқа оранып, өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құраған.
- Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жедел жетті. Мамандардың үйлесімді және кәсіби әрекеттерінің арқасында үйдің терезесі арқылы үш адам құтқарылды. Олар -1954 жылы туған мүгедек әйел, 2017 және 2020 жылы туған екі бала. Сондай-ақ, өрттің салдарынан 2009 жылы туған бала ауруханаға жеткізілді,-деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінен.
Өртті жоюға Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен Баянауыл ұлттық паркінің қызметкерлері қатысқан.
Сондай-ақ оқиға орнында полиция, жедел медициналық көмек және БРЭС энергетиктері де жұмыс істеген.