What are you looking for?

Қостанайда тазалық айы басталды

31.03.2025

Қостанайда наурыздың 31-інен бірінші мамырға дейін жалпыхалықтық санитарлық тазалық акциясы өтеді.

«Тазалық айы барысында қаланы қоқыстан, қар астынан шыққан жапырақтан, қураған шөптен тазартылып, қоқыс алаңдарына санитарлық өңдеу жұмыстары жүреді. Жеке меншік иелері өз аумақтарын тазартып, қоршауларын ретке келтіруі қажет. Біздің алдымызда қала тұрғындарын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмысқа тарту міндеті тұр.1

Аталған іс-шараға мемлекеттік мекемелер, мәслихат депутаттары, жастар, волонтёрлік және үкіметтік емес ұйымдар, бизнес өкілдері, қоғам белсенділері, сондай-ақ қаладағы ірі кәсіпорындар тартылады», дейді қала әкімінің орынбасары Алмат Исмағұлов.

Қостанай облысы

Social Link

Follow Me On Social Media