What are you looking for?

Түркістан облысында жасырын цех насыбай өнімдерін шығарып келген

01.04.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Түркістан облысының Сайрам ауданында аса ірі көлемде насыбайдың ондаған түрін шығаратын жасырын цех табылды.

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері цехтың бір жыл көлемінде шикізатты өңдеуден бастап, дайын өнімге дейін шығарып келген. Әрі көтерме жеткізушілер арқылы Астана мен Алматы қаласында қоймаларға тасымалдап, саудалап келіпті. Аумағы мың шаршы метрді алып жатқан орында темекі жапырақтарынан өнімдер шығаруға арналған құрал жабдықтар орнатылған. 25 адам тұрақты жұмыс істеп келген. Тінту барысында 10 млн данадан аса қаптама, 14 тоннадан астам темекі, сондай-ақ әртүрлі хош иістендіргіштер мен улы қоспалар тәркіленді.

Дияс Тобатаев — Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

Қазіргі таңда өнімнің қанша көлемін және осы өнім қандай соммаға сатылғаны анықталып жатыр. Аталған заңсыз іс әрекеттерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 301 -дің 1-бабымен қылмыстық іс қозғалды .

Айнұр Ақбаева

Social Link

Follow Me On Social Media