What are you looking for?

Семейде оқушыны жабылып ұрған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды

01.04.2025

Абай облысының Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қатарластарын жабылып соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот оларды бала тәрбиелеуде ата-аналық міндеттерін тиісінше атқармағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен ата-аналардың бірі бес тәулікке қамалды. Төрт жасөспірімнің ата-аналарына 78 640 теңгеден айыппұл салынды.

Бұған дейін сот қатарластарын ұрып, онысын видеоға түсірген жасөспірімдердің өздеріне қатысты азаматтық істі қараған. Сот шешімімен олар арнайы мектепке жіберілген болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media