Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов интернет алаяқтыққа, азаматтардың жеке деректері тарауына қарсы күрес шараларына тоқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев онлайн алаяқтыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдары тартылғанын баяндады:
- Бүгінде жеке деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік қызметі іске қосылды. Оған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің 70%-дан астамы қосылған. Сервис деректерге азаматтың келісімін алғаннан кейін ғана қол жеткізуге мүмкіндік береді.
- Алаяқтар қоңырауларын анықтау және бұғаттау үшін алаяқтардан қорғау орталықтары құрылды. Олар Ұлттық банктің антифрод орталығымен біріктірілген.
"Жаңа SIM карталарды сатып алу кезінде биометриялық тіркеу, сондай-ақ, SIM карталарды үшінші тұлғаларға заңсыз беру бойынша жауапкершілік енгізіледі. "Стоп-кредит" қызметі іске қосылды және оны халық белсенді түрде пайдаланып жатыр, - деді министр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз