What are you looking for?

57 секундта 14 темір тағаны бүктеген: қазақстандық алып күш иесі әлемдік үш рекорд орнатты (фото, видео)

29.05.2025

Қазақстандық алып күш иесі Сергей Цырульников Миланда әлемдік үш рекорд орнатты, деп хабарлайды Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің мәліметінше, Сергей Цырульников Италия астанасы Миланда Guinness World Records өкілдері тіркеген әлемдік үш рекордты бірден жаңартқан.

Алып күш иесі 57 секундтың ішінде өлшемі 22×8 мм болатын 14 темір тағаны бүктеп, бір минутта тоғыз резеңке жылытқышты үрлеу арқылы жарып, сондай-ақ бір минутта жалаң қолмен шойын табаға 19 шеге қаққан.

Бұл жетістіктердің барлығы Италияның Lo Show Dei Record телешоуы аясында Guinness Records кітабына ресми түрде тіркелген.

Сергей Цырульников және Гиннесс рекорд кітабының өкілі
Сергей Цырульников және Гиннесс рекорд кітабының өкілі. Фото: Спорт комитеті

Сергей Цырульников жеңісін Қазақстан халқына арнайтынын айтты.

"Бұл тек физикалық күш емес. Бұл – ата-бабаларымыздан мирас болған рухтың күші, ұлттық ерік-жігеріміздің символы", — дейді Сергей Цырульников.

Social Link

Follow Me On Social Media