ФАО Қазақстанға экологиялық мәселелерді шешуге көмектеспек.
Тың технологиялар топырақ құнарын сақтауға және су үнемдеуге бағытталған. Бұл туралы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы директоры Цюй Дунъю мәлімдеді. Қазір еліміздің бірнеше министрлігімен және салалық университеттерімен ынтымақтастық орнап, жиырмадан астам жоба бойынша келісімдер жасалған. Меморандум аясында қазақстандық студенттер мен ғалымдар FAO Knowledge Center (ФАО НОУЛЕДЖ СЕНТЕР)-ге кіріп, ФАО жүргізген ғылыми еңбектер мен зерттеулергді, сараптамалық материалдарды оқуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар бұл орталықта әлемдегі озық тәжірибелер де жинақталған.
Виорел Гуцу, ФАО бас директорының орынбасары:
- Біз ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне маманданған ұйым болғандықтан ғылыми серіктестік орнатуға тырысамыз. Біз үшін зерттеумен айналысып жүрген жастармен, ғалымдармен байланыс орнату маңызды. Осы университетке келіп, әріптестеріміздің жетістіктерімен танысқанымызға қуаныштымыз. Тұқым шаруашлығы мен суару жүйелерінің тиімділігін арттыру, топырақтың құнарын сақтау сияқты бағыттардағы ФАО-ның зерттеулері мен техникалық мүмкіндіктерін Қазақстанмен бөліскіміз келеді.
Жұмағұл Боранбай, Қазақ ұлттық аграрлық университеті орман шаруашылығы, жабайы табиғат және қоршаған орта факультетінің деканы:
- ФАО-мен ынтымақтастық аясында біз Қазақстанда су ресурстары бойынша халықаралық жобаға күш салып, атқарып жатырмыз. Ең бірінші бұл жерде су ресурстарын үнемдеу бойынша жобаларды жүзеге асыру. Одан кейін білім беру аясында жұмыс жасау. Міне осы су ресурстары бойынша білім алатын мамандарды даярлау.
Related items