What are you looking for?

Бала қауіпсіздігіне кім жауапты? | Түйін

30.05.2025

Балалар да, үлкендер де көптен күткен каникул басталды. 3 ай демалады. Бірақ қуанышпен қатар қауіп те көбейетін кез. Жол апаты, суға бату, терезеден құлау, астан улану статистикасы әдетте көбейеді. Осындай оқыс оқиғалардан елімізде күн сайын 3 бала көз жұмады екен. Сақтықты күшейтпесе болмайды. Биылғы 5 айдың өзінде 60 бала терезеден құлап кеткен. Бесеуі қаза тапты, 55-і жарақат алды. Биіктен құлаған балалар денсаулығының оңалып кетуі де үлкен сұрақ. Төтенше жағдайлар министрлігі алаңдаушылық білдіріп жатыр, дәрігерлер дабыл қақты. Ата-ана ше? Мұндай жайттарға көбіне үлкендер жауапкершілігінің аздығы сеп дей аламыз ба?

Social Link

Follow Me On Social Media