What are you looking for?

"Қазақы құрмет көрсетілді": Италия премьер-министрі Джорджа Мелони шапан киді

30.05.2025

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанға ресми сапармен келген Италия премьер-министрі Джорджа Мелонидің шапан киіп түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мәртебелі мейманға қазақы құрмет көрсетілді", — делінген фото сипаттамасында.

Айта кетейік, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келді. Италия премьер-министрін елорда әуежайынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.

Бүгін Ақордада Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Ол мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші "Италия – Орталық Азия" саммитін ұйымдастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

Social Link

Follow Me On Social Media