Бүгіннен бастап Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды, деп хабарлайды 24kz.
Құжаттар Pkrezerv.gov.kz сайтында 30 маусымға дейін қабылданады. Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.Тіркеу кезінде кандидат резервке алынған жағдайда еңбек қызметін жүзеге асырғысы келетін салалық бағытты таңдауы керек. Әрбір салалық бағыт үшін Резервке алу квотасы көзделеді. Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша 50 адам резервке қабылданады.