«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылған 2024 жылдың 1 ақпанынан бері 18 жасқа толған жастардың шотына 8 миллионнан аса доллар аударылған, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
Жалпы, Қазақстан бойынша ұлттық қордан түскен қаражатын алу үшін 75 329 адамнан өтініш түскен екен.
«Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 43 781 адамның шотына 4,65 млн доллар, білім алу ақысын төлеу үшін 31 548 балаға 3,35 млн доллар аударылды», – деп хабарлады БЖЗҚ.