Су үнемдеу технологиясын пайдаланбайтын шаруаларға субсидия азаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директоры Берікбол Мәндібаев осылай деді.
Биыл ауа райының жылы болуына байланысты вегетациялық кезең 20 күнге ерте басталды. Оған қоса Оңтүстік өңірлерде топырақтың үстіңгі қабатында ылғал аз. «Сондықтан егістіктерде су 50% көп қолданылып жатыр», – дейді сала мамандары. Бұл суармалы су көздеріне қосымша жүктеме түсірді. Мұндай жағдайда бүркіп немес тамшылатып суару жүйесін орнатуды ынталандыру күшейеді. Мемлекет тиімді технологияларды қолданатындарды қолдауды жалғастырады.
Берікбол Мәндібаев, ҚР СРИМ Су үнемдеу технологияларын дамыту департаментінің директоры:
- Су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруалар бүгінгі таңда 60%-тен 80%-ке дейін алған су үшін субсидия алады. Ал суды пайдаланған кезде су үнемдеу технологияларын пайдаланбайтын шаруалардың субсидиясы 2024 жылдан бастап 50%-тен 75%-ке төмендеді, 2026 жылы 30%-тен 55%-ке төмендейді.
Related items