What are you looking for?

Елтаңбада еліміздің тарихынан хабар беретін 41 элемент бар

04.06.2025

Еліміздің елтаңбасында қазақ халқының рухани бай тарихынан хабар беретін 41 элемент бар. Төрден орын алатын төл нышанымыз 194 мемлекеттің ішінде мағынасының тереңдігі мен архитектуралық құрылымы жағынан тоғызыншы орынды иеленеді. Мұндағы шаңырақ, кереге, босаға, қошқар мүйіз, қанатты пырақ сынды әр бөлшек ұлттық болмысымыздан сыр шертеді. Елтаңбада шаңырақты көтеріп тұрған 72 уық бар. Бұл алты қанат ақ үйдегі уық санымен бірдей. Ол «Бір ел, бір халық, бір мақсат» тұжырымдамасы негізінде жасалған.

Жандарбек Мәлібеков, ҚР Елтаңбасының авторы:

Ол – бостандықтың белгісі. Тәуелсіздіктің белгісі. Мыңдаған жылдардан бергі ата-бабаларымыздың рухы жатыр. Біздің дәстүріміз жатыр, біздің философиямыз жатыр. Сондықтан соның бәрін қасиетті деп қастерлеуіміз керек. Мен айтар едім, қанша біз осы рәміздерімізді құрметтеп, сонша біз алдыға дами түсеміз.

Ернұр Медет

Social Link

Follow Me On Social Media