What are you looking for?

Аймақта ең үлкен саябақ ашылды

05.06.2025

Қызылорда облысында ең үлкен саябақ Қазалы ауданында ашылды. Жалпы аумағы 19 гектар болатын демалыс орны «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында қайта жаңғыртудан өтіп отыр. Жаңа саябақ несімен көз тартады?

Әділбек Серікұлы, тілші:

Жасыл желекке оранған демалыс орны араға 40 жыл салып қайта абаттандырылып, ауыл тұрғындарының бүгінде серуен құратын сүйікті саябағына айналды. Үлкен парк бірнеше аумаққа бөлінген. Мұнда тарихтан сыр шертіп, өткенді ұлықтайтын даңқ және тағзым аллеясы орналасқан. Сондай-ақ, танымдық дүниелерге айрықша мән берілген. Ең маңыздысы бұл саябақты жаңғыртуға аудан кәсіпкерлері белсенді атсалысып, туған жерді гүлдендіруге қомақты қаржы құйған. Жалпы атқарылған жұмыстардың барысын толығырақ аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбетов мырзадан білсек.

Мейрамбек Шермағанбет, Қазалы ауданының әкімі:

..........................

Жалпы саябақ аумағына 20 мыңнан аса ағаш көшеттері отырғызылып, терек, қайың және қылқан жапырақты ағаштармен толықты. Яғни, жаз бойы Әйтеке би кенті тұрғындары мәдени демалыс кешені аумағын саялайтын болады. Мұнан бөлек, отбасылық демалыс өткізуге дәмханалар және түрлі аттракциондар жұмыс істейді. Ал спортпен айналысатын жастарға арнайы веложолақ, футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар.

Әділбек Серікұлы

Social Link

Follow Me On Social Media