What are you looking for?

Қазақстандықтар неге әскерге барудан қорқады: қорғаныс министрінің орынбасары жауап берді

05.06.2025

Сенат кулуарында журналистер Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдиновтен қазақстандықтар әскерге барудан неліктен қорқатыны туралы пікірін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Біріншіден, бұл отбасы, балабақша, мектептен (солай қалыптасады – ред. ескертпесі). Ал жастар шынында да қорқады. Олар жайлы өмір сүріп үйреніп қалған. Олар еркіндікке, бұрыннан қалыптасқан тәртіпке бейімделген. Ал әскерде бәрі өзгереді — әрине, қорқыныш тудырады. Бұл қалыпты жағдай.

Ал адам бұл қорқынышты қалай жеңетіні – екінші мәселе. Бұл біздің ортақ, ұжымдық мәселеміз. Және оны бірлесіп шешу керек", — деп жауап берді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Журналистердің сөзінше, әскерде адам өлімі болып жатады, бәлкім әскерге шақырылғандар өздерінің жайлы аймағын тастайтынынан емес, дәл осы себепті әскерге барудан қорқатынын айтты.

"Біле білсеңіздер, адам тек қарулы күштерде жүріп қана өлмейді. Адам мектепте де, балабақшада да, өкінішке қарай, жолда да көз жұмуы мүмкін. Сондықтан мен соған ғана екпін қоймас едім. Статистика бар, оны көрсететін формат бар: қарулы күштерде мұндай жағдайлар айтарлықтай азайған", — деді Сұлтан Камалетдинов.

Social Link

Follow Me On Social Media