What are you looking for?

Шерзат ісі бойынша сот үкімі шықты

05.06.2025

Шерзат Полат ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды 24kz.

Қылмыстық іске төрелік еткен судья Ержан Жанұзақов сотталушыларға қандай жаза тағайындады?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Қайғылы жағдайға қатысы ашық өткен сот процесі қазір ғана аяқталды. Судья Ержан Жанұзақов мемлекеттік айыптаушылар сұраған жазаны өзгеріссіз қалдырды. Яғни, Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сәкиев 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет 7 жылға, ал, кәмелет жасына Думан Ысқақ 1,6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушілерге 100 млн теңгеден асатын моральдік шығын өндірілу туралы үкім шықты. Бұдан бөлек, куә Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелдіге, Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевтің іс-әрекетіне Алматы облысы прокурорының назары аударылсын,- деп жеке сот қаулысы шығарылды.

Айта кетейік, қайғылы жағдай қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Талғар ауданында болды. Қамажай дүкеніндегі түсінспеушілік соңы төбелеске ұласып, 16 жастағы Шерзат Полаттың сол жақ кеудесіне пышақ сұғылды. Ауыр жарақаттан жасөспірім жантәсілім еткен еді. Қылмысқа қатысты тоғыз күдікті ұсталды. Оларға «Адам өлтіру», «Адам өлтіруге оқталу» және «Бұзақылық» бабымен 62 томдық іс қозғалды. 40-тан аса медициналық сараптама жасатылып, 200 куәден жауап алынды. Бейнежазбалар сараланды. Ашық сот процесі сәуір айының 10-ынан бастап күні бүгінге дейін жалғасты. Нәтижесінде қатыгездікпен жасалған қылмыс үшін 1,5 жылдан бастап 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Тараптар сот үкімімен келіспеген жағдайда енді 15 күн ішінде апелляциялық өтініш бере алады.

Авторы: Шыңғыс Қалиден

Social Link

Follow Me On Social Media