What are you looking for?

Елдегі орман қорының 3/4 бөлігі ШҚО-да өседі

05.06.2025

Еліміз бойынша орман қорының төрттен үш бөлігі шығыста өседі. Осы ен байлықты сақтап қорын көбейту тек орманшылардың ғана емес жалпыға ортақ жұмыс. Сондықтан Президент 2 миллиард түп көшет егуді тапсырған. Соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысында 5 мың гектар жерге ағаш отырғызылды. Бұл жұмысқа «Таза Қазақстан» акциясы да серпін берді. Аймақта жалпы экологияны сауықтыруға қатысты жұмыстардың қалай жүріп жатқанын тілшіміз Олжас Керейханнан білсек?

Олжас Керейхан, тілші:

Қайырлы күн! Иә, шығыста су да, ну да бар. Оны сақтап әсіресе орман қорын көбейту бойынша нақты жоба жоспар жасалды. Соған сәйкес алдағы бірнеше жылда облыс аумағында 15 мың гектар жерге 76 млн түп көшет егу жоспарланған. Бұл игі бастаманың жүзеге асуына аймақтағы жастар ұйымы жыл он екі ай ұйытқы болып келеді. Жалпыға ортақ экологиялық акциялардың қалай жүзеге асып жатқанын облыстағы волонтёрлар орталығының жетекшісі Айдос Әділбековтен білсек.

Айдос Әділбеков, облыстық волонтёрлар орталығының жетекшісі:

Жалпы облыста 13 орман шаруашылығы, 1 ұлттық парк, 2 қорық бар. Осы орман мен қорықтарды және су айдындарын жүзден аса аң мен құстың түрі мекендейді. Көбі қызыл кітапқа енген. Осындай тұмса табиғаты болса да Өскемен еліміз бойынша ауасы лас қалалардың алғашқы бестігіне кіреді. Әсіресе соңғы 2 жылда облыс орталығының ауасы тарылып барады. Сондықтан биыл «Өскемен тынысы» деген бюро құрылды. Қоғамдық бюро мүшелері әр тоқсан сайын аймақтағы экология қатысты өз ұсыныстарын беріп отырады.

Олжас Керейхан

Social Link

Follow Me On Social Media