What are you looking for?

Қазақстандық дзюдошылар Словакиядағы турнирде топ жарды

06.06.2025

Қоржынымызда 21 медаль .

Оның жетеуі алтын. Словакияда дзюдодан балалар, жасөспірімдер және және жастар арасындағы халықаралық турнир өтті. Оған 15 елден 700-ден аса қатысушы жиналды. Сергей Пак баптайтын астаналық өрендер 21 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әнұранымыз 7 рет шырқалды. Бұған қоса қазақстандық спортшылар 5 күміс және 9 қола жеңіп алды. Соның арқасында жалпыкомандалық есепте екінші орынға жайғасты. Ел намысын абыроймен қорғаған жас дзюдошыларды елорда әуежайынан достары мен туыстары күтіп алды.

Ернұр Самат, жарыс жеңімпазы:

Сергей Пак, жаттықтырушы:

- Словакиядағы жарыстың маңызы ерекше. Ол жерде 7 жас деңгейі бойынша үздіктер анықталды. Яғни 8 жастан бастап, 23 жасқа дейінгі спортшылардың шеберлік шыңдауына жақсы мүмкіндік. Енді сәл тынығып, қайтадан дайындыққа кірісеміз. Алдағы бұдан да үлкен жарыстар күтіп тұр.

Social Link

Follow Me On Social Media