2025 жылғы 7 наурыз ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Түркістан облысы:
— "Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" 593-620 шақырым аралығы (Түркістан облысының шекарасы — Т. Рысқұлов п.). Жолды 2025 жылғы 7 наурыз сағат 22:00–де ашу жоспарланған.
Жамбыл облысы:
— "Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы" автожолының 159-238 шақырым аралығындағы учаске (Отар а. — Қайнар а.). Жолды айналып өту ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады. Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Абай облысы:
— "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы — Аягөз қ.);
— "Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы" автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. — Үржар а.).
Жетісу облысы:
— "Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қ. — Абай облысының шекарасы). Жолды 2025 жылғы 8 наурыз сағат 07:00–де ашу жоспарланған.