0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
SpaceX компаниясы үшін Starship ғарыш кемесінің кезекті сынағы сәтсіз аяқталды. Аппарат ұшырылғаннан кейін 10 минуттан соң 150 шақырым биіктікте жарылған. Ал оны ғарышқа апарған зымыран тасығыш Техас штатындағы алаңға сәтті қонды. Миллиардер Илон Маскке тиесілі компания апаттың неліктен болғанын анықтап жатыр. Жарылыс алдында ғарыш кемесінің бірнеше қозғалтқышы істен шыққан екен. Осы оқиғаға байланысты Флорида штатының бірнеше әуежайында ұшақ рейстеріне уақытша шектеу қойылды. Starship кемесінің қаңтардағы сынағы да сәтсіз аяқталған еді.
Арай Төлегенқызы