What are you looking for?

"Біреуді менсінбеуді қашан қоямыз? Сасық көкіректік түбімізге жетті": Танымал журналист футболдан әлем чемпионатына шыққан өзбек құрамасы туралы

10.06.2025

Танымал спорт журналисі Аслан Қаженов футболдан ұлттық құраманың бапкерін қатаң сынға алды.

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Журналист жанайқайын желідегі парақшасында білдірді.

«Мынау неге шәйіп отыр?!

Ұлттық құрама бас бапкері Әли Әлиевтің көрші елдің жетістігіне реакциясын көрдім. Басында Өзбекстан құрамасын тарихи жеңісімен құттықтай келе, соңына қарай шәйіп кетті. «Есесіне біз Еуропада ойнаймыз. Ол жердегі деңгей бөлек. Біз Мбаппе мен Лукакуды теледидардан емес, жасыл алаңнан көре аламыз» — деп отыр. Бұл кісіге қой дейтін біреу бар ма? Бұқаралық ақпарат құралдарына мынадай сұхбат беру ұят қой. Басы-қасында жүрген пиаршиктер неге ескертпейді? Біреуді менсінбеуді қашан қоямыз? Сасық көкіректік түбімізге жетті ғой. Мына кісіге айтыңыз. Орыс тіліне аударып айтыңыз. Біреудің төбесінен қарап, оны барынша төмендету үшін, ең адымен өзің оның деңгейіне жетуің керек. Онда да ақылы толысқан және парасаты жоғары адам ешқашан басқаларға мұрнын шікірейтіп қарамайды. Максималды кішіпейіл және қарапайым болып қалады. Не десек те, шын мықтыны мойындау керек және сол сияқты жұмыс жасау қажет. Өзбектің емес, өз мәселемізді айт! Тығырықтан шығудың жолын ұсын! Қолыңнан келмесе, орныңды босат!», — деп жазды ол.

Social Link

Follow Me On Social Media