Лос-Анджелесте бүлік, қақтығыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қаланың қақ ортасында мыңнан астам ереуілші Ұлттық ұлан сарбаздарымен қақтығысты. Наразы топ полиция көлігін өртеп жіберген. Бүлік, әсіресе, үлкен магистральдардың бойында үдей түскен. «101 FreeWay тасжолында патрульдік полиция көлігі өртенді.
Сондай-ақ көшелердің түйісетін тұсында көлік иесі ереуілшілерді жоғары жылдамдықпен қасақана қуып, таптамақшы болды. Оған ауыр заттар лақтырған адамдар қашып құтылған. Сонда да қаскүнем бір велосипедшіні, көлік пен мотоцилді қақты. BBC телеарнасы: «Трамп әкімшілігі күніне 3 мың заңсыз мигрантты қамау туралы бұйрық берді», - деп хабарлаған. Қаңтардан бері қамалған келімсектер саны 100 мыңнан асқан.
Блиц:
- Адамдар тас лақтырып жатыр. Олар полиция көлігін өртеп жіберуге дайын. Сақшылар ереуілшілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен бұрыш шашып, резеңке оқтар атып жатыр. Адамдарға әдейілеп, дәлдеп тұрып атады. Сондай-ақ шерушілерді ішінен темір таяқпен аямай ұрып жатыр.