АҚШ билігінің мигранттарға қатысты саясатына қарсы наразылық Чикагода басталды.
Қала көшелеріне шыққан ереуілшілер полициямен қақтығысқа түсті.
Тәртіп сақшылары шерушілерді қоршап, тосқауыл қойды. Наразы топ олардың шебін бұзып өтуге әрекеттенді. Бірақ полиция күш қолданып, айтқанға көнбеген бірнеше белсендіні қамауға алды. Чикаго тұрғындары Лос-Анджелесте басталған жаппай наразылыққа қолдау білдіру үшін көшеге шыққанын айтады. Олар қала көшелерімен шерулетіп, көлік қозғалысын тоқтатып тастады.
Related items