Францияда 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуы мүмкін. Ел президенті Эммануэль Макрон осындай бастама көтерді. Бұған Франциядағы орта мектептердің бірінде сейсенбіде мұғалімнің көмекшісінің өлімі түрткі болған. Бұған қоса Макрон пышақ сататын онлайн сайттарда да сатып алушылардың жасы тексерілетінін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы