What are you looking for?

Астанада жұмыс күні таңғы 8-де басталуы мүмкін

11.06.2025

Астанада мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа таңғы 8-де келуі мүмкін. Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин елордадағы күн сайынғы көлік кептелісін азайту үшін мемлекеттік мекемелердің жұмыс уақытын бір сағатқа ерте бастау қажет деп санайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында депутат елорда жолдарының күн сайынғы жүктемесі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етіп отырғанын алға тартты.

“Болжамдарға сәйкес, Астана халқы алдағы жылдары 2 миллион адамға жетеді. Қаланың орталығында жұмыс орындары мен әлеуметтік нысандар шоғырланған. Ал жақын маңдағы елді мекендерден келетіндердің бәрі бір мезгілде қозғалғанда, кептеліс болады. Қарбалас уақыттағы қозғалыс қаланың негізгі жолдарында нағыз коллапс туғызады” — деді депутат.

Оның айтуынша, Астанадағы жұмыс күшінің 50 пайыздан астамы – мемлекеттік қызметкерлер. Осыны ескере отырып, депутат Нұралин орталық атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен оларға бағынысты мекемелердің жұмыс күнін сағат 9:00-ден 8:00-ге ауыстыруды ұсынды. Бұл шара таңғы кептелісті азайтуға ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар, депутат мынадай кешенді шараларды қабылдауды ұсынды:

1. Көлік саясатына қатысты алдын ала шешімдер қабылдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру;

2. Республикалық және жергілікті бюджеттерден елорда мен ірі қалалардың көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қосымша қаржы бөлу;

3. Көлік жолайрықтарын, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін жоспарлау, салу және көлік ағындарын басқару ісінде орталық пен өңірлік органдар арасындағы үйлестіруді күшейту.

Social Link

Follow Me On Social Media