Маусым айының үшінші жексенбісі – әкелер күні. Отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал ететін бұл мереке көптеген әлем елдерінде бар. Әке ең алдымен отбасының тірегі дейді әкелер кеңесінің төрағасы.
Мұхтар Шотбаев, №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі әкелер кеңесінің төрағасы:
Менің балам айтады, әке мені қалай тәрбиелегеніңізді ұмытпаңыз дейді. Неге десем, менің де баламды сіз солай тәрбиелейсіз өскенде дейді. Ол деген сөз балам менің оған деген қарым-қатынасына разы деп ойлайм. Жалпы әрбір әкенің мақсаты да міндеті сол болу керек. Бақытты баладан бақытты әке, бақытты қоғамның мүшесі шығады.
Темірлан Нұрсолтан