Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында бұзақылық, қоғамдық орында тәртіп бұзу, мас күйде көлік жүргізу секілді әкімшілік құқықбұзушылықтар жария түрде қаралады, деп хабарлайды 24KZ.
Сот отырыстары студенттердің қатысуымен өтеді. «Бұл олардың арасында болатын қылмыстардың алдын алуға және халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді», – дейді прокурорлар. Қадағалаушы орган қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жария сот отырыстары апта сайын ұйымдастырылады.
Рустам Саденов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
- Жыл басынан бері облыс бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты 4220 іс қаралды. Жауапқа тартылған адамдарға 314 млн теңге айыппұл салынды. Осындай жария сот отырыстары халықты заң мен тәртіпке шақырады.
Related items