What are you looking for?

Түркия Израильді айыптады

14.06.2025

Израильдің тұтқиыл соққысы Түркияны алаңдатып отыр.

Бұған дейін Сирия үшін екі жақ шайқасқа шақ қалғаны мәлім. Сонымен Түркия не дейді? Қандай жоспары бар?

"Израильдің бұл әрекеті халықаралық құқықты өрескел бұзу" Түркия еврей елінің Иранға жасаған әуе шабуылдарына осылай деп үн қатып, қатаң айыптады.

Ресми Анкара «бұл шабуыл аймақты тұрақсыздандыру мен арандатушылық» деп сипаттайды.

ЦИТАТА

Түркияның сыртқы істер министрлігі

«Түркия ядролық дауды шешудің жалғыз жолы дипломатия екеніне сенімді. Бұл соғысты тоқтатудың жалғыз амалы».

Түркия шабуылдардың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздермен бір мезгілде жүргізілгеніне қайран. Сол себепті бұл жағдай кездейсоқтық емес деп санайды. Осыған орай Израильден бөлек Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіске қатысты да өз ұстанымын білдірді.

ЦИТАТА:

Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі

Түркия сенімді: ядролық дауды шешудің жалғыз жолы дипломатия. Бұл соғысқа балама жалғыз амал.

Анкара ендігі жерде халықаралық қауымдастықты Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына жол бермеуге шақырып отыр.

Цитата

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті

- Халықаралық қауымдастық Израиль тарапынан жаһандық және аймақтық тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған агрессияны тоқтататын кез келді. Нетаньяху мен оның қырғындарды ұйымдастырушы тобының бүкіл аймақты отқа орап жатқан шабуылдарының жолын кесу қажет. Бүгін біз Таяу Шығыста қантөгіс, қирау және қақтығыстың одан әрі жалғасқанын қаламайтынымызды тағы бір мәрте мәлімдейміз.

Израиль шабуылынан кейін Түркия өз ішінде қауіпсіздік шараларын шұғыл күшейтті. Түркия қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Бас штаб бастығы генерал Метин Гүрак және Ұлттық барлау қызметінің жетекшісі Ибрагим Калын қатысқан шұғыл қауіпсіздік жиыны өтті. Жиынның қорытындысы бойынша Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мәлімдеме жасады:

Цитата

Хакан Фидан, Түркияның Сыртқы істер министрі

- Біз жағдайды барлық қырынан тиісті мекемелермен бірге талқыладық. Қауіпсіздік шаралары ең жоғарғы деңгейде қабылданды. Иран, Ирак, Иордания, АҚШ және өзге де елдермен байланыс орнатып жатырмыз.

Қазір барлық түрік әуе компаниялары Ирак, Иран, Сирия және Иорданияға рейстерді 16 маусымға дейін тоқтатты. Бұл аймақтағы тұрақсыздыққа жауап ретінде қабылданған шара.

Меруерт Памбетова

Social Link

Follow Me On Social Media