What are you looking for?

"Менің отбасым - менің байлығым": RaiM Ерке мен ұлын перзентханадан шығарып алды

17.06.2025

Көпшілікке RaiM есімімен танымал қазақстандық әртіс Райымбек Бақтыгереев жұбайы Ерке Есмахан мен сәбиін перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Перзентханадан шығару сәтінде түсірілген фотоларды RaiM Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда жаңа туған сәбиге қарап, күлімдеп тұрған ерлі-зайыпты әншілерді және екі ұлы Ислам мен Муслимді көруге болады.

Жұлдызды отбасы сәбидің дүниеге аман-есен келгеніне риза.

"Менің отбасым – менің байлығым", — деп жазды Райымбек.

"Жарайсың! Нағыз ерсің! "Өзімнің балам, өзгенің баласы" деп бөлмейді, өзі мықты тәрбие беріп отыр, өзі де тәрбиелі. Керемет таңдау жасаған сұлу келіншек. Мұндай ермен ештеңеден қорықпауға болады", "Жарайсың! Керемет, жапырақтарың жайқала берсін", "Алланың қорғауында болыңдар", — деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын 40 жастағы Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелген еді.

Social Link

Follow Me On Social Media