What are you looking for?

Дзюдодан әлем чемпионаты: М.Максим жүлдесіз қалды

17.06.2025

Дзюдодан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін біріншіліктің бесінші күні. Ерлер 90 келіге дейінгі, әйелдер 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатыр. Қазақстан сапынан татамиге Мейірлан Максим шықты. Жерлесіміз алғашқы белдесуінде әлемдік рейтингте 6-орында тұрған француз балуанын жықты. Екінші айналымда Доминикан Республикасының өкілінен соңғы секундта юко ұпайымен басым түсті. Ширек финалдың жолдамасы үшін болған жекпе-жекте былтырғы әлем чемпионы – жапониялық Гоки Таджимадан жеңілді.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media