Алматы көшелерінде мопед тізгіндеген жүргізушілердің тәртібі жақсарды, деп хабарлайды 24kz.
Бұған екі дөңгелекті көліктерді міндетті түрде тіркеу туралы заңның қабылдануы себеп болды. Қалада мопед қатысқан жол-көлік оқиғаларының саны айтарлықтай азайған. Бұрын осы көлік иелері жол қозғалысы ережелерін елемей, қауіп төндіріп келген. Енді жағдай өзгерді. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бүгінде 15 мыңнан астам мопед тіркеуден өткен. Яғни, бұған дейін мопедшілердің 95%-і мемлекеттік нөмір мен жүргізуші куәлігін алған.
Айта кетейік, «Жол қозғалысы туралы» заңға сәйкес 5 сәуірден тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынды. Осы уақыттан бері тіркеуден өтпеген 5 мыңға жуық мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 2 мыңға жуық көлік айып тұрағына қойылған.
Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:
- Иә, жағдай реттелді. Жағдай тұрақты десек те болады. Бұл қандай да бір жауапкершіліктің белгісі деп өзіміз соны танып отырмыз. Онлайн кезек жоқ номер алуға. Бір 90 минуттың ішінде осы мемлекеттік қызметті мамандандырылған халыққа көрсету орталығында алуға болады.38:35 Көбінесе бұзбайды. Әрине, айыппұл келеді ғой. Жолда жылдамдықты да асыра алмайды.