What are you looking for?

"Қалған сома бюджетке аударылады": мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскелері аукцион арқылы сатылмақ

05.03.2025

Елімізде мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскелері аукцион арқылы сатылуы мүмкін, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша енгізілген түзетулер аясында жерді мақсатына сай пайдаланбау жағдайында оны қайтару тетігін қарастыратын толықтырулар енгізген.

Жаңа нормаларға сәйкес, егер мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесі жеке меншікке тиесілі болса, ол аукцион арқылы сатылуға тиіс.

Осы ретте бұрынғы меншік иесіне тек жер учаскесін сатып алуға жұмсаған бастапқы сомасы ғана өтеледі. Егер жер аукционда жоғары бағаға сатылса, қалған сома бюджетке аударылады. Бұл аукционға үлестес тұлғалардың қатысуын болдырмауға және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

"Осылайша, жер телімдерін мақсатына сай пайдаланбаған меншік иелері жерді сатып алу мен сату арасындағы айырмашылықтан пайда таба алмайды", — делінген мәжіліс хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media