Үкімет 2026 — 2030 жылдарға арналған жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеп жатыр. Мақсат ел экономикасының маңызды буындарының бірі — жеңіл өнеркәсіптің дамуына дем беру. Жеңіл өнеркәсіптің тұрақты дамитын әрі болашағы бар бағыты бұл арнайы киім өндірісі. Made in KZ бағдарламасының бүгінгі шығарылымын отандық арнайы киім тігу өндірісіне арнадық.