Цифрлық майнинг қызметінің арқасында бюджетке түскен салық көлемі 10 млрд теңгеден асты. Саладағы сауда айналымы 324 млн доллардан 1,4 млрд долларға жеткен. Демек цифрлық активтер индустриясы жылдам қарқынмен дамып келеді. Олар электр энергиясын тәулігіне 1 мгВ-тан аспайтын көлемде тұтынуға құқылы. Бұл — заңмен бекітілген ереже. Бүгінде елімізде криптовалюта өндіретін 438 мыңнан астам құрылғы бар.
Аңсар Амрин, ҚР ЦДИАӨМ цифрлық активтер инудстриясын дамыту басқармасының бас сарапшысы:
2023 жылдан бастап 87 лицензия берілген болатын. Бірақ қазіргі таңда 67 лицензиясы ғана бар цифрлық майнерлер жұмыс істеп жатыр. Өйткені кейбіреулері өзінің қызметін тоқтатуына байланысты және осы заңға қарама-қайшылық туындаған жағдайда лицензияны тоқтауы мүмкін. Біздің елде заң бойынша лицензиясыз цифрлық майнерлер жұмыс істей алмайды.
Ақниет Балтанова