Мемлекеттік спорт мектептеріндегі шәкірттердің халықаралық турнирлерге қатысуын да мемлекет қамтамасыз етеді, деп хабарлайды 24kz.
Мұндай сайыстарға жас боксшы, дзюдошы, футболшы, гимнасттар және басқалары жіберіледі. Жол және өзге шығындар бюджет және демеушілік көмек есебінен өтелуі мүмкін. Ал бейресми немесе жеке турнирлерде ата-аналар төлейді. Былтыр жасөспірімдер мен жастар санатындағы жүздеген спортшы шетелге шықты. Туризм және спорт министрлігі көрсеткіштің биыл да осындай боларына сенімді.