What are you looking for?

«Жас кеңес» сыйлығын алатындар саны артады

20.06.2025

«Жас кеңес» сыйлығына өтініш қабылдау басталды.

Еңбегі көзден таса болса да, ел дамуына қосар үлесі елеулі жастар марапатталады. Байқау осымен екінші рет өтіп жатыр. Биыл номинациялар саны 7-ден 10-ға көбейді.

Жобаға тазалықтан бастап, құтқарушыларға дейін және білім мен ғылым, денсаулық сақтау, IT мен креативті индустрия, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларындағы белсенді азаматтар қатыса алады. Әр номинация бойынша 2 үздік, жалпы 20 жеңімпаз анықталады. Жүлде қоры 20 млн теңге. Қаржыны арадағы атымтай жомарттар көтерген. Ал ұйымдастырушы Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері.

Олжас Сүлеймен, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары:

- Басым бөлігі ауыл жастары. Соларды бағалап, еңбек адамдарын марапаттасақ деген ой. Әлеуметтік желіде, өкінішіке орай, тез байып кету, бірден жетістікке жету, жеңіл жолмен ақша табу деген сияқты дүниелер кеңінен тарап бара жатыр. Соған біздің бір күресіміз ретінде, жай ғана күресіп қоймай, жақсы нәрсе ұсынайық деген оймен осындай жобаны қолға алдық.

Social Link

Follow Me On Social Media