Шығыс Қазақстан облысы Тарғын ауылының тұрғыны Қазия Мусина тоқсанға жақындаған жасында трактор тізгіндейді .
Механизатор әжей ауыр көлік жүргізгенімен қоймай, техниканың бұзылған жерін бірден табады. Ұлына кеңес беріп, жөндеуге де үлес қосады.
Қазия Мусина жасына қарамастан көк тракторға жиі отырады. Талай жылғы тәжірбие бар, тізгінде өзін сенімді ұстайды. Әрі-бері өткен көліктің дыбысынан -ақ техникалық жағдайын бірден біледі.
- Тракторының форсункасы істемей бара жатады, біреуінің задний мосты істемей бара жатады, бірақ та соны неғып ұқпайд білмейді, әшейін дарылдатып айдағанды біледі.
Қазия әжей ауыр көлікті 15 жыл жүргізген. Жер жыртты, шөп тасыды,ауылға кірпіш жеткізді. Үй салуға ат салысты. Әйелмін деп қарап отырған кезі болмады. Шынжыр табаннан бастап К-700 көлігіне дейін айдады. Енді мінеки тоқсанға таяса да, ұлы Қайнарға көмектесіп жүр.
Қазия Мусина, ардагер механизатор:
- Тракторге отыра алады екем, енді Қайнарыма көктемде жаздыкүні шөп шапқанға Т16 деген тракторы бар, соған отырып ап шөбін тырнап берём, мен осы трактомен бірге туыстым ғой деймін.
Зейнеткердің қайсар мінезі мен еңбекқорлығына ауылдастары тәнті.
Нұрлан Биақын, ауыл тұрғыны:
- Көрші болғаныма 20 жыл болды биыл. Енді бұл кісіден үлгі тәрбие алатын көп жеріміз бар,Сексеннің сегізіне келсе де ақыл кеңесін атып отырады.
Қазия әжейдің алдына көлікпен келу үшін де үлкен дайындық керек,- дейді ұлдары.
Қайнар Мусин, Қазия Мусинаның ұлы:
- Сынап тастайды Ана терезеңді сүрт деп қояды. Мына жерің сынып қапты, май ағып тұр, дауысы дұрыс емес, тракторың дарылдап тұр. Бірдемесі істемей тұр, бар, көр, жөнде деп сөйтіп, айтып отырады.
- Мынау знак почета орден, мынау еңбек ардагері деген медаль.
Механизатор әжейдің балалары да техникаға жақын. Сергек жүруімнің сыры еңбекте деп санайтын ол, жастарды жалқалулықтан аулақ болуға шақырады. Қолы қалт етсе, құрақ құрап, құда-жекжатына өз қолымен сыйлық дайындайтыны тағы бар.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов