What are you looking for?

“Пәтерден пәтерге көшсек те үміт үзбедік”: Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты қуанышты хабармен бөлісті

22.06.2025

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актрисаның Instagram желісінің stories бөліміне жариялаған жазбасынан оның жаңа баспана алғанын байқауға болады.

”Балаларға тосынсый жасаған күннен. Бұл күнді ұзақ күттік! Қанша жылдан бері пәтерден пәтерге көшіп, әбден әбігерге түссек те үмітімізді үзбедік. Сондай кезеңде бала болса да ересекте ерек болған төрт құбылам сабырлық танытып, жаныма жалау, көңіліме демеу бола білді. Құлындарым сенімдерің мен қолдауларыңа рақмет. Бәрі артта қалды. Шүкір! Жөндеу жұмыстарына білек сыбана кірісіп кеттік. Ақыл-кеңестеріңіз бен ұсыныстарыңыз болса, маған артық болмайды”, — деп жазды ол.

Social Link

Follow Me On Social Media